Қоғам

«Көп адамның мұрыны қисық»: Дәулет Мұқаевқа ота жасалды

Ашық дереккөзден алынған

Операция сәтті өтті.

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев денсаулығындағы өзгерістер жайлы жазба жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Осыдан 10 жыл бұрын қисайған мұрын түзелді. Негізі көп адамда мұрын қисық екен. Бірақ қазақшылыққа салынып, жүре береді екенбіз. Мен әне-міне түзеймін деп жүргенде 10 жыл өте шыққан ғой. Ал уақыт өткен сайын оның салдары да қиын. Ең дұрысы - уақытында емделу. Отаны сәтті жасаған білікті дәрігерге, анестезиологқа, мейірбикелерге алғыс білдіремін. Қолдарыңыз дерт көрмесін!», – деп жазды ол әлеуметтік желіде.