Екібастұз қаласындағы электр стансасында ақау шықты
Екібастұздағы 1 МАЭС-тің түтін мұржасында саңылау пайда болып, бүйірінен қою шаң-тозаңның бұрқырап жатқаны туралы бейнежазба тарап кетті.
Әлеуметтік желіде Екібастұздағы 1 МАЭС-тің түтін мұржасында саңылау пайда болып, бүйірінен қою шаң-тозаңның бұрқырап жатқаны туралы бейнежазба тарап кетті. Бұл кәсіпорында бүгінде әрқайсысы 500 МВт қуат беретін 8 энергия блогы бар.
— 2024 жылғы 12 қарашада сағат 16:00–де Екібастұз 1-МАЭС жабдығын аралау және тексеру барысында № 1 түтін құбырының балконы төңірегінде шаңның пайда болғаны анықталды. Шаңдану себептерін анықтау үшін № 3 энергия блогын ажырату туралы шешім қабылданып, түтін құбырына ішкі тексеру жүргізу мақсатында мамандандырылған ұйым тартылды. Шаңның пайда болу себептері тексеру нәтижелері бойынша анықталады. Жүргізілген талдау негізінде қажетті іс-шаралар жоспары әзірленеді, - деп хабарлады кәсіпорынға иелік ететін «Самырұқ-Энерго» компаниясынан.