Ауыл шарушалығы еңбеккерлеріне жаңа атақ берілетін болды
Мемлекет басшысы келесі жыл — Жұмысшы мамандықтары жылы екендігіне назар аудартты.
«Мен Жолдауда жұмысшы мамандық иелеріне, өнертапқыштар мен ғалымдарға құрметті атақ беруді ұсындым. Мемлекеттік марапаттар жүйесін 9 құрметті атақпен толықтыру жоспарланып отыр. Соның ішінде „Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері“ атағы бар. Бұл — елімізді өркендетуге өлшеусіз үлес қосқан ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне шынайы құрметтің белгісі. Қазір депутаттар тиісті заңдарға өзгеріс енгізу мәселесін қарастырып жатыр», — деді Президент.
Мемлекет басшысы келесі жыл — Жұмысшы мамандықтары жылы екендігіне назар аудартты.
«Жыл бойы біз нағыз еңбек адамдарын жоғары деңгейде ұлықтайтын боламыз. Бұл қоғамда еңбекқорлық пен кәсібилік құндылықтарын дәріптеу жылы болмақ», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.