Жаңалықтар

Есірткі контрабандасымен айналысқан 120-дан астам шетелдік ұсталды

Polisia.kz

Күдіктілердің 88-і – Өзбекстан азаматы, 37-сі – Тәжікстан азаматы болған.

Соңғы 10 айда есірткінің заңсыз айналымына қатысты 652 дерекке тосқауыл қойды.

Оның 267-сі қылмыс болса, 385-і – теріс қылық. Есірткі сату бойынша 42 дерек, аса ірі көлемде есірткі сақтау – 13, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіру – 67, есірткіні, психотроптық заттарды заңсыз жарнамалау, насихаттау бойынша 8 дерек анықталған. 

Полиция мен прокуратура өңір жастары бірігіп, 100-ге жуық есірткіні жарнамалайтын жазбаны жойды. Заңсыз айналымнан 335 келіге жуық есірткі тәркіленді. Есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдаудың 137 арнасының жұмысы тоқтатылды.

Мысалы, контрабанданың 127-сі Өзбекстан шекарасынан Қазақстан аумағына өту кезінде анықталған. Ал 10 жайт ҚР-дан Өзбекстанға өту кезінде тоқтатылды. Күдіктілердің 88-і – Өзбекстан азаматы, 37-сі – Тәжікстан азаматы болған. Ал трамадолға қатысты екі қылмыстық іс, бір теріс қылық тіркелді. Мың трамадол дәрісі тәркіленді.

Сондай-ақ есірткі қойып кетуші 34 тұрғын анықталып, олардан 4 келіден астам синтетикалық есірткі алынды. Тікұшақпен аудандарда есірткі егуге ықтимал жерлерге әуемен барлау жұмыстары жүргізілді.