Жаңалықтар

Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам қаза тапты

Автокөлік жолдан ұшып кеткен.

Қарағанды облысында, Алматы – Екатеринбург тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы оқиға бүгін таңғы 10:00 шамасында Курминка ауылынан екі шақырым жерде болған.

Алдын-ала дерек бойынша  Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі көктайғақ себебінен рөлге ие бола алмай, жол жиегіне ұшып кеткен.

«Апат салдарынан жүргізуші мен алты жолаушы оқиға орнында қаза тапты. 12 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Қарағанды облысының Полиция департаменті.

Полиция жүргізушілерден жолда абай болуды, жол ережесін сақтауды, жылдамдықты асырмауды сұрайды.