Жаңалықтар

«Әр тиынның есебін сұрау қажет»: Айгүл Орынбек Қазақстандағы барлық қорларды жабу керегін айтты

фото: әлеуметтік желіден

Ол халық әр тиынның есебін сұраған кезде ғана жағдайдың түзелетінін айтты

Қайырымдылық қорларының айналасындағы дауға қатысты заңгер, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек пікір білдірді. Ол күмәнді қорлардың барлығын жабу керегін айтты. Бұл туралы turkystan.kz “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Ниеті дұрыс емес адамдар жеке бас пайдасы үшін қор ашып, халыққа арзан үйлер алып беріп, қымбат үй сыйлап жатқандай көрсететін болған. Бұл дабыл қағатын дүние. Өйткені халыққа пайдасын тигізіп жатыр ма террористерді қаржылай қамтамасыз етіп жатыр ма белгісіз. Себебі мұның есебі, сұрауы болмағаннан кейін осындай жағдайлар орын алып жатыр. Қорларды бұрыннан-ақ тексеру керек еді. Тіпті қорларды ашқызуға тыйым салу керек”, – дейді президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек.

Қазақстандағы барлық қайырымдылық қорлары мемлекет бақылауына алынады

Ол халық әр тиынның есебін сұраған кезде ғана жағдайдың түзелетінін айтты. 

"Барлық қорларды жабу керек. Тіпті әкімдік тарапынан ашып алып, арам ақшаны да қорларға аударып жатқандар бар. Тек қана мемлекеттің бақылауындағы қорларға ғана ақша аударыңыздар. Ал адамдарды қызықтыру арқылы біреудің қайғысын көрсетіп жатқандарға күмәнмен қарау керек. Халық әрбір тиынның есебін сұрауы қажет”, – дейді ол.