Қоғам

«Анама ешкімнің ақшасы керек емес»: Баян Алагөзоваға қызы араша түсті

сурет ашық дереккөзден алынды

Айсауле Бақытбек «Қазақ аруы» байқауы туралы пікір білдірді.

Атақты продюсер Баян Алагөзованың қызы «Қазақ аруы» байқауын «әділеттсіз өтті» дегендерге жауап берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Айсауле Бақытбектен әлеуметтік желідегі оқырманы «Қазақ аруы» байқауының қаншалықты шынайы өткенін сұрады.

Продюсердің қызы байқауға өзі келіп қатыса алмаса да, байқаудың әділ өткеніне сенімді. Өйткені анасының ешкімнің «аға-көкесі» емес екенін ашып айтты.

«100 мың адам дауыс берді. Менің ойымша, сөзсіз таза жеңіс. Жеңімпазды әділетсіз таңдаудың маңызы жоқ сияқты. Байқауды менің анам ұйымдастырды. Ал ол жеке басының мақсаты үшін жасайтын ешкімнің жоғарыдағы «аға-апасы» емес. Жеңімпаз қыздың біздің отбасыға ешқандай туыстық қатынасы жоқ. Өзім кеше бірінші рет көрдім, сонымен қатар басқа қатысушы қыздарды қосқанда. Анама байқаудағы жеңіс үшін ақшаның қажеті жоқ. Осыдан өздеріңіз қорытынды шығарсаңыздар болады», – деді Айсауле Бақытбек.

Айта кетейік, күні кеше Алматыда өткен «Қазақ аруы» сұлулық байқауының жеңімпазы Қызылорда облысының тумасы Ақкербез Ысқаққызы болды.