Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Аустриядан жеңілді

Ашық дереккөзден алынған

Матч Алматы қаласындағы Орталық стадионда өтті.

Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының В дивизионындағы 5-тур аясында Аустрия құрамасымен кездесті, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстан құрамасы кездесуде қарсыластан 0:2 есебімен жеңілді.

Бес ойында Станислав Черчесовтың командасы бір ғана ұпай жинады. Қазақстан құрамасы бастапқы матчта Норвегиямен (0:0) тең ойнады, содан кейін Словения (0:3, 0:1) мен Аустриядан жеңілді (0:4, 0:2). Қазіргі уақытта топтың жетекшісі Аустрия құрамасы он ұпай жинады. Норвегия мен Словенияда жеті ұпай (төрт матчтан кейін). Осылайша, Қазақстан құрамасы дивизионда қалу мүмкіндігінен айырылды және келесі маусымда төменгі С лигасында өнер көрсететін болады.