Қоғам

Аудандық мектептегі бухгалтер 120 млн теңге жымқырған

сурет ашық дереккөзден алынды

Жыл басынан қылмыс жасауда 406 адам әшкереленіп, оның ішінде 196 адам түрлі жазалау шараларына сотталған.

ШҚО аудандық білім бөлімінің бухгалтері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлады turkystan.kz.

2023 жылдың басынан бастап осы салада барлығы 297 қылмыстық іс жүргізілген.

Қылмыс жасауда 406 адам әшкереленіп, оның ішінде 196 адам түрлі жазалау шараларына сотталған. Соның ішінде ШҚО-дағы мектептердің бірінде екі бухгалтерге 120 млн теңге жымқырды деген айып тағылды.

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ж. Жабаев атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернат гимназиясының екі бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс тергеуде. Олар алдын ала сөз байласу арқылы қылмыстық топ құрамында 5 жыл бойы өзінің карточкалық шоттарына асыра жалақыны және басқа да төлемдерді аудару жолымен 120 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде», - делінген агенттік берген ақпаратта.