Биыл жол апатынан 2 мың адам қайтыс болған
Жол апаты мен жарақат алғандар көрсеткіштерінің өсуі жол-көлік оқиғаларын есепке алу тәсілінің өзгеруімен байланысты.
«Жол апаты мен жарақат алғандар көрсеткіштерінің өсуі жол-көлік оқиғаларын есепке алу тәсілінің өзгеруімен байланысты. Қазір денсаулыққа келтірілген зиянға қарамастан, жол апатынан кейін медициналық мекемеге жүгінген барлық адамдар есепке алынады», – деді спикер.
Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, жолда қаза тапқандар санының артуы апаттың негізгі үш түріне байланысты, олар: автокөліктердің бетпе-бет соқтығысуы; жаяу жүргіншілерді қағып кету; көліктердің аударылуы. Аталмыш себептермен қайтқандардың саны жалпы жол апатында мерт болғандардың 73%-ын құрайды.
«Апаттың осы үш түрінің негізгі себебі - жылдамдықты арттыру. Жылдамдық режимін бақылаудағы тиімді шешім – автоматты камераларды қолдану. Олардың саны бүгінде шамамен 25 мың. Оның ішінде, елордада – 6 мыңнан астам, Алматыда – 9 мыңнан астам және Шымкентте – 2 мыңға жуық бірлік. Камералар жалпы жол ережелерін бұзу фактілерінің 70%-ын анықтап отыр. Одан бөлек, статистика бойынша жол апатының 84%-ы елді мекендердің үлесінде», – деді спикер ОКҚ алаңында.