Жаңалықтар

Алматыда қар көшкіні туралы ескерту жасалды

istockphoto.com

ТЖМ таудағы қауіпсіздік ережелерін еске салды.

14 қарашада Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыдағы ауа райының қолайсыздығына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына дауылды ескерту жасады.

Ведомство Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін екенін мәлімдеді.

«2024 жылдың 13-15 қараша аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қатты жауын-шашын түсуіне байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Сондай-ақ, ТЖМ таудағы қауіпсіздік ережелерін еске салды:

Маршрутыңызды егжей-тегжейлі зерттеңіз. Қар көшкіні, сел қаупі бар жерлерден аулақ болыңыз, әсіресе қатты жауын-шашыннан кейін. Жақындап келе жатқан сел ағынының шуын естігеннен кейін бірден 50-100 метр жоғары көтерілу керек. Бұл ретте ұзақ қашықтыққа гүрілдеген ағыны қар көшкіні мен селдің өмірге қауіп төндіретін үлкен салмақты тастардың ұшыратуы мүмкін екені есте сақтаңыз. Әрқашан есіңізде болсын, қар көшкіні мен сел ағынынан тек қашу арқылы құтылуға болады. 112 бірыңғай нөмірінен ескертулерді қадағалаңыз, қар көшкіні мен сел қаупі төнген жағдайда тауға баруды кейінге қалдырыңыз.

Осы шараларды қолдана отырып, сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтай аласыз.

Бұған дейін жетісулық құтқарушылардың қар құрсауында қалып қойған екі адамға көмекке келгені хабарланған болатын