Дариға Бадықова «Таптым-ау сені» фильмін кімге арнап түсіргенін айтты
Өнер иесі өзінің алғашқы туындысын әкесі мен ұстазына арнағанын айтты.
Танымал актриса, кинопродюсер Дариға Бадықова 108 млн теңгеге түсірген «Таптым-ау сені» фильмін кімдерге арнап түсіргенін мәлім етті.
Өнер иесі өзінің алғашқы туындысын әкесі мен ұстазына арнағанын айтты.
«Мен «Таптым-ау сені» фильмін іштей ниет етіп, әкемнің, ұстазымның рухына арнағанмын! Себебі кіммен шыққаным, кімнен өнерден көп дүние үйренгенім белгілі. «Әкемнің, ұстазымның» жатқан жерлері жайлы болсын, рухтары көкте шалқысын. «Таптым-ау сені 2» де осы кісілердің рухына арналады», - деп жазды актриса.