Алматы облысындағы колония басшысының орынбасары ұсталды
Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі ресми түсінік берді.
Алматыда Алматы облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №14 мекеме басшысының орынбасары ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
"2024 жылғы 13 қарашада Алматы облысы прокуратурасының Алматы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының №14 мекемесі басшысының орынбасарын бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұстады", - делінген баспасөз хабарламасында.
Қылмыстық іс аясында оқиғаның барлық мән-жайды анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
"ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді" - деп хабарлады баспасөз қызметі.