«Жылдың ең үздік тойы болады»: Ерке Есмахан отбасына қатысты жаңалығын бөлісті
Өнерлі жұп Raim мен Ерке отбасылық қуаныштарын біріктіріп, келесі жылы жазда үлкен той жасайтындарын мәлім етті.
Әнші Ерке Есмахан туған күні қарсаңында отбасына қатысты маңызды жаңалығын жария етті.
Ол өзінің және ұлының туған күнін тойламайтынын айтты. Өнерлі жұп отбасылық қуаныштарын біріктіріп, келесі жылы жазда үлкен той жасайтындарын мәлім етті.
«Қарашаның 23-і Исламның туған күні, ал 30-ы менің туған күнім болады. Екі туған күнді де тойламаймыз. Өзіміз үйде боламыз. Алла бұйырса, бәрін қосып, жазда үлкен той жасаймыз деп отырмыз. Туған күндер, қоныстой, тұсаукесер, сүндет той, бәрі бұйырса жазда болады. Жылдың ең үздік тойы болады», – деп жазды Ерке Есмахан.