Швеция ғалымдары адамдарды бақылаудың таң қаларлық әдісін ойлап тапты
Швеция ғалымдары адамдарды бақылаудың жаңа әдісін ойлап тапты. Олардың айтуынша, әртүрлі жерлерде жиналатын бактериялар арқылы адамның нақты қайда барып, не істегенін анықтауға болады.
mGPS деп аталатын жаңа жүйе микроағзаларды талдау арқылы сіздің қайда болғаныңызды бірнеше метрге дейін дәл анықтай алады. Мысалы, сіздің қандай метро станциясында болғаныңызды немесе тіпті қандай тұтқадан ұстап тұрғаныңызды айта алады.
Ғалымдар микробиомның деректер базасын жинап жатыр: бактериялар саусақ іздері сияқты дәлел бола алады және Covid-19 сияқты эпидемиялардың алдын алуға көмектеседі.