Алматы мен Оралда алаяқтар жалған доллар мен еуро сатқан
Күдіктілер қамауға алынды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Алматы мен Оралда жалған валюта сатқандардың ісін тергеп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Олардан 100 долларлық купюралар мен еуро табылған. Олар оны қазақстандықтарға сатумен айналысқан.
Күдіктілердің бірінің үйінен 14 900 жалған доллар табылған. Теңгеге шаққанда 7 млн теңгеден асады.
Осындай алаяқтық Оралда да анықталған. Лоторея клубтарының бірінде 25 мың доллар мен 10 мың еуро сатылған.
«Жыл басынан бері Қазақстан аумағында 1060 жалған банкнот айналымнан алынды. Оның ішінде 141 дана ұлттық валюта (647 мың теңге), 905 купюра – 90 400 доллар, 4 купюра – 2000 еуро, 10 купюра – 1000 юань бар», - деді Қаржылық монитринг агенттігі.
Жалпы 43 млн теңгеден астам соманың жалған банкноты тәркіленген.