Жаңалықтар

Текеліде итін өлтіріп, иесін сабаған тұрғын сотталды

istockphoto.com

Нәтижесінде К. есімді азамат 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жетісу облысы Текелі қалалық соты денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және жануарларға қатыгездік таныту бойынша айыпталған 3 адамға қатысты қылмыстық істі қарады.

Нәтижесінде К. есімді азамат 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жетісу облысы, Текелі қалалық сотының мәліметіне сүйенсек, оқиға қыркүйек айында Текелі қаласында болған. Үш азамат ішімдік ішуге жиналған. Жолда тағы бір таныстарын кезіктіріп, қатарларына қосып алған. Дастархан басында өзара жанжал шығып, бір адам жарақат алады.

«Жанжалдан кейін К. және С. жәбірленушінің итін өлтіріп, оның етінен тамақ дайындамақ болған. Сол мақсатта олар итті ваннаға апарып өлтірген, бірақ оның етін пайдалану ойынан бас тартқан, себебі болған жағдайдан кейін өздерін жайсыз сезінген» - делінген хабарламада.