Жаңалықтар

«Разылығымды алмасаң тозаққа барасың»: Фариза Алмазқызы экс-күйеуінің дінмен манипуляция жасағанын айтып, жылап қалды

фото: видеодан скриншот

Оның барлық айтып жүргендеріне тойдым, дейді ол

Белгілі әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі желіге видео жариялап, жылап қалды, — деп хабарлайды Ozgeris.infо.

«Бұлай камера алдына шыққым келмеген еді. Отбасылы болған кезде маған дінмен қатты манипуляция жасайтын. Менің разылығымды ал, менің разылығымды алмасаң тозаққа барасың деген әңгімелер айтатын. Менің әлсіз жерімді біліп дәл осылай дінмен басқаратын. Соның барлығын енді түсініп отырмын. Оның барлық айтып жүргендеріне тойдым», — деді Фариза Алмазқызы.

Желі қолданушылары болса, дінге қатысты түрлі пікірлерін жаудырды.

«Неге сотқа бермейсің?», «Баласын тастап кеткен адам разылық жайлы айтпағаны жөн-ау», «Дінді өздері ұстанбайды, бірақ елге діние ақыл айтқыш», «Құтылғаныңа қуан», — деп жазды олар.

Сондай-ақ, ажырасып кеткеннен кейін осынша сөзді көбейтудің қажеті жоқ екенін жазып жатқандар да бар.