Алматылықтар үш сағатта жарты тонна бауырсақ жеді
Алматылықтар үш сағатта жарты тонна бауырсақ жеді
Алматы тұрғындары Наурыз мейрамын тойлау кезіңде үш сағатта жарты тонна бауырсақ жеп қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "PR Media" қызметтік істер коммуникациялар агенттігіне сілтеме жасап.
Бауырсақтарды жеті аспаз дайындады. Олар 500 келіге жуық бауырсақ дайындап, екі мың адамға таратты. "Осы бауырсақтарды дайындауға 300 литр сүт, 186 литр май және 400 келі үн жұмсалған. Осы акция рекордқа жетуі мүмкін еді", - дейді қышқыл сүт өнімдерін өндіретін компанияның бренд-менеджері Виктория Янчик. - Бірақ бізде Гиннестің рекордына ену мақсаты болмады. Қала тұрғындарын қуантып, жақсы көңіл-күй сыйлауды мақсат еттік. Келесі жылы рекордты жаңартармыз". Қазақстанның әр өңірінде бауырсақты әркім өз мәзірі бойынша және түрліше жасайды: үшбұрышты, төртбұрышты, сопақша және домалақ. Алматылықтарға кллассикалық мерекелік нұсқасы ұсынылды, ұнды сүтке, майға, қантқа және жұмыртқаға араластырады. Дайын қамырды майға пісіреді. Қонақтарда бауырсақ пісіруге ат салысты. Сонымен қатар, қатысушылар өз рецептерімен бөлісті.