Жаңалықтар

Шымкенттік батыр ана оныншы сәбиін дүниеге әкелді

otyrar.kz

Ол 20 жылда 10 баланы дүниеге әкелген.

Шымкентте 39 жастағы келіншек оныншы баласын дүниеге әкелді, деп хабарлады turkystan.kz сайты Otyrar басылымына сілтеме жасап.

6 қараша күні Шымкенттің 39 жастағы тұрғыны Гүлбану Пірімқұлова толғағы ұстап, қалалық перзентханаға жеткізілген. Оныншы баласына жүкті келіншек табиғи жолмен босанды. Перзентхананың медициналық қызметкерлері тиісті көмек көрсеткен. 

Айта кетейік, көпбалалы келіншек Гүлбану 19 жасында тұрмысқа шыққан. Ол 20 жылда 10 баланы дүниеге әкелген. Ерлі-зайыпты бүгінде Жанель, Анель, Мэлс, Айсана, Нурислам, Айдана, Хан, Жасмин, Зере мен Аяулым есімді ұл-қыздарды тәрбиелеп отыр.

Гүлбану Пірімқұлованың жолдасы Болат 43 жаста. Олардың үлкен балалары студент атанған.