Жаңалықтар

Доллар бағамы 498 теңгеден асты

istockphoto.com

Ұлттық банктің бүгінгі ресми бағамы 492,65 теңге.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа бағасы 494,95 теңгені құрады. Яғни 1,68 теңгеге қымбаттаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Kurs.kz мәліметінше дәл қазір Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 497,04 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астананың ақша айырбастау пунктерінде 498 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 4 қарашада доллардың орташа бағасы 1,09 теңгеге, 6 қарашада 3,13 теңгеге, 11 қарашада 0,91 теңгеге қымбаттаған еді.