Алматыда полиция капитанын пышақтап кеткен
Қалалық полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.
Алматыдағы Алатау ауданында 12 қарашаға қараған түні тамақ ішетін орындардың бірінде төбеліс болды. Жанжал кезінде полиция қызметкері пышақ жарақатын алды. Қалалық полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.
Telegram арналарының бірінде жарияланған ақпаратқа сәйкес, төбелес мегаполистегі кафелердің бірінде болған, ал кеуде қуысынан пышақ алған полиция капитаны ол жерде қызметтен тыс болған.
«Бұл факт бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.