Жаңалықтар

Қостанай облысында тұрғындар 2 тонна бауырсақ пісіріп, рекорд орнатты

istockphoto.com

Қостанай облысы Қамысты ауданында «Бауысрақ Фест» шарасы ұйымдастырылды.

Қостанай облысы Қамысты ауданында «Бауысрақ Фест» шарасы ұйымдастырылды. Оған 60-қа жуық мекеменің қызметкерлері мен жеріглікті тұрғындар қатысып, екі тоннадан астам бауырсақ пісірді, деп хабарлады turkystan.kz сайты Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Фестивальде ас атасы нанның алуан түрі дайындалды. Сондықтан әр аспаз білгенін ортаға салып, өзара тәжірибе алмасты.

 «Әлемдік рекордты тіркеу үшін Қостанай облысына Астанадан арнайы келдік. Бұған дейінгі бауырсақ рекорды екі тонна 47 келі болан. Ал қамыстылықтар екі тонна жүз келілік межеге жетеміз деп айтты. Байқағанымыздай, мұнда екі тонна үш жүз килограмға жақын. Сондықтан рекорд жаңарды. Бұл тек Қамысты, Қостанайдың ғана емес, тұтас Қазақстанның мақтанышы. Себебі бұл әлемдік рекорд», – деді Қазақстан гиннес рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов.