Жаңалықтар

БҚО-да шекарадан есірткі алып өтпек болған 2 адам сотталды

istockphoto.com

Аталған екі адам «Ақсай» бақылау-өткізу бекетінде шекарашылардың бақылауынан өту кезінде ұсталған.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық сотында есірткі тасымалдаған екі азаматқа қатысты сот үкімі шықты

БҚО сотының мәліметінше, аталған екі адам «Ақсай» бақылау-өткізу бекетінде шекарашылардың бақылауынан өту кезінде ұсталған. Оларды тексергенде есірткі заттары табылды. 

«Сот үкімімен Я. және Б. ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 286-бабы 1-бөлігі, 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз сатып алғаны, сақтағаны, тасымалдағаны және контрабандаға оқталып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізгені (оларға байланысты емес мән-жайлар бойынша әрекет соңына дейін жеткізілмеген) үшін кінәлі деп танылды. Олардың әрқайсысына мүлкі тәркіленбестен 200 АЕК мөлшерінде 738 400 теңге айыппұл кесілді. Сот жаза тағайындау кезінде сотталушылардың жеке басын, тұрақты жұмыс орны, айыппұл төлеуге мүмкіндіктері, оң мінездемелері бар екендігін, жауаптылықты жеңілдететін, ауырлататын мән-жайларды ескерді», - делінген сот хабарламасында.