Жаңалықтар

Мессидің суреті салынған 85 миллион долларлық есірткі тәркіленді

ашық дереккөзі

Мессидің суреті салынған 85 миллион долларлық есірткі тәркіленді

Перу полициясы Лима қаласынан "Барселона" клубының және Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Мессидің суреті салынған есірткі партиясын тәркіледі, - деп хабарлайды Vesti.kz "Чемпионат.сом" сайтына сілтеме жасап. Есірткі арнайы қораптарға салынған, ал оның сыртында аргентиналық футболшының суреті мен қолтаңбасы қойылған. Тәркіленген есірткі мөлшері - 1417 келі. Шамамен осы мөлшердегі есірткінің құны - 85 миллион доллар.