"Дөнер-кебаб кімнің ұлттық тағамы?": Түркия мен Германияға 6 ай уақыт берілді
Түркия мен Германияға "дөнер-кебаб кімге тиесілі" деген мәселені шешуге 6 ай уақыт берілді.
Түріктің Халықаралық кебаб қауымдастығы Еуропа Одағынан дөнер әзірлеудің қатаң стандартын бекітуді сұрайды: ингредиенттерден бастап пышақтың ұзындығына дейін. Мұның бәрі дөнерді тек түрік тағамы ретінде заңдастыру үшін қажет.
Германияда бұған қарсы: олар үшін донер — ұлттық көше тағамы, және қазір Германиядағы мыңдаған мейрамхана оны әдеттегі атаумен сата алмай қалуы мүмкін.