Жаңалықтар

Астанада танымал спортшының әйелі мен әкесі соттасты

istockphoto.com

2020 жылдың соңында Қазақстанда каратэден танымал спортшы көз жұмды.

Екі айдан кейін оның жесірі Әділет министрлігіне спортшының атымен аталатын тауарлық белгіні және 6 түрлі өнімдерді (баспа, фарфордан жасалған мүсіншелер, керамика және шыны, шыныаяқ, киім мен аяқ киім, маркетинг, көрмелер ұйымдастыру және т.б.). тіркеу туралы өтінішпен жүгінген, деп хабарлайды turkystan.kz.

9 ай өткен соң тауарлық белгі тіркеліп, әйел иесі ретінде танылған.

Алайда қайтыс болған спортшының әкесі тауарлық белгінің тіркелгенімен келіспей, сотқа арызданған.

Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы спортшының ата-анасы мен балаларының құқығын қорғау үшін тауарлық белгінің тіркелуін негізсіз деп таныды.

Тауарлық белгіні тіркеу кезінде мұрагерлердің (спортшының ата-анасы мен балаларының) заңды мүддесі ескерілмеген. Олар тауарлық белгі спортшының жесірінің атына тіркелгендіктен спортшының атағын пайдалану құқығынан айырылған.