Жаңалықтар

Доллар бағамы 497 теңгеге жетті

istockphoto.com

Ұлттық банктің бүгінгі ресми бағамы 491,71 теңге.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағасы 492,65 теңгені құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Kurs.kz сайтының мәліметінше Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар орташа бағамен 495,74 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау пунктерінде 496,97 теңге.

Еске салайық, 6 қарашада доллар бағасы 3,13 теңгеге қымбаттаған болатын. АҚШ валютасының бұлай құбылуына Таяу Шығыстағы саяси шиеленістер бірден бір себеп болып отыр.