Алматыда коммуналдық техниканы құрастыру цехы іске қосылды
Онда жылына 30 әмбебап Pony P4 машинасы, 50 су себу кешені, 30 қоқыс таситын машина өндіру жоспарланып отыр.
Цехтың жұмысымен Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында танысты.
Коммуналдық машиналар мен жабдықтарды құрастыру цехы Eurasia Special Machines (ESM) қазан айында іске қосылған болатын. Бұл жоба «Евразия СТ» компаниясының 3 млрд теңге инвестициясының арқасында жүзеге асырылып, 50 жұмыс орны ашылды.
Жылына 30 әмбебап Pony P4 машинасы, 50 су себу кешені, 30 қоқыс таситын машина және тағы да басқа техника өндіру жоспарланып отыр. «Алматы Тазалық» компаниясы қазірдің өзінде тротуар тазалауға арналған әмбебап машиналар мен жолдарды қысқы өңдеуге арналған жабдықтар сатып алды.
Ерболат Досаев қала көшелерін тазалауға арналған заманауи техниканың маңыздылығын атап, осы саладағы кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетінін айтты.