Таразда алаяқ 1-ші топ мүгедегінің екі бөлмелі пәтерін сатып жіберген
Алаяқтық фактісін Тараз қаласының прокуратурасы анықтады.
2023 жылдың маусым айында алаяқ 62 жастағы әйелдің Тараз қаласында орналасқан екі бөлмелі пәтерін 9 млн теңгеге сатып жіберген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жәбірленуші 1-ші топ мүгедегі, психикалық ауытқуы бар. Алаяқ оның шарасыздығын пайдаланған.
Қалалық соттың 2024 жылғы 16 қыркүйектегі шешімімен пәтер иесіне қайтарылды.
Қала прокуратурасы алаяққа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық қудалау ісін бастады.
Күдікті қамауға алынды. Оның осындай басқа да істерге қатысы бар-жоқтығы анықталып жатыр.
Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.