Қытай павильонының ауқымы үлкен

Қытай павильонының ауқымы үлкен

Қытай павильонының ауқымы үлкен
ашық дереккөзі
Биылғы жылы Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Қытай павилондарының ауқымы басқаларымен салыстырғанда үлкен. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй қазақстандық БАҚ өкілдерімен кездесуінде айтты.
– Біздің павилондарымыздың ауқымы басқаларымен салыстырғанда үлкен. Сонымен қатар, біз оны жабдықтауды да басқа елдерден бұрын бастадық,– деді Чжан Ханьхуэй мырза журналистерге берген сұхбатында. Елші Қазақстанға келетін қытайлық туристердің саны туралы нақты дерек айтпады. Оның сөзіне қарағанда, қазір туристік операторлар осы іске жұмылып жатыр. Қытайлықтар Қазақстанның табиғаты, саяхаттайтын көрікті жерлері, тарихи орындары туралы қазір біршама хабардар болды.