Солтүстік Қазақстан облысында 83 жастағы зейнеткер жоғалып кетті
Есіл ауданы Бірлік ауылында 10 қарашада 1941 жылы туған ер адам үйінен шығып оралмаған.
Солтүстік Қазақстанда құтқарушылар 83 жастағы қарияны дрон арқылы іздеп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz СҚО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Есіл ауданы Бірлік ауылында 10 қарашада 1941 жылы туған ер адам үйінен шығып оралмаған. Іздестіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің кинологтарымен бірге қызметкерлері, сонымен қатар полицейлер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.
«Әзірге жоғалған ер адамның қайда екені белгісіз. Іздеу жұмыстары жалғасады», - деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.