Жаңалықтар

Қазақ қызы Ресейдің үш дүркін чемпионы атанды

фото: omskgazzeta.ru

Оны әлі сезінген жоқпын, қазір үйіме оралып, отбасыммен қауышуға асықпын, - дейді өзі

Омбыда туған қазақ қызы Салтанат Меденова бокстан Ресейдің үш дүркін чемпионы атанды, деп хабарлайды turkystan.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

81 келіде өнер көрсететін Салтанат ел чемпионатының финалында краснодарлық Анастасия Демурчянды жеңді.

Бұл өте қиын жекпе-жек болды. Оның үстіне, қарсыласым – әлем чемпионы Анастасия Демурчян. Психологиялық тұрғыда ауыр соқты, бірақ шаршы алаңға шыққан соң жеңілдеп қалдым. Анастасияның менің салмағыма ауысқанына таңғалған жоқпын. Себебі оның ауысуды жоспарлап жүргенін естігенмін. Сондықтан кездесуге дайындалып жүрдім. Ресейдің үш дүркін чемпионы атансам да оны әлі сезінген жоқпын. Қазір үйіме оралып, отбасыммен қауышуға асықпын, - деді Меденова Ресейдің бокс федерациясына берген сұхбатында.