Қазақстан құрамасы самбодан өткен әлем чемпионатын үздік көрсеткішпен аяқтады
Жарыстың шешуші күнінде Ұлттық құрама 1 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлде жеңіп алды
Бүгін Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайында самбодан (спорттық, жауынгерлік, зағип жандар арасында) әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.
Жарыстың шешуші күнінде Ұлттық құрама 1 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлде жеңіп алды.
Атап айтқанда, Нұрила Асанқызы (жауынгерлік самбо, +80 келі) алтын иеленсе, Талғат Жиентаев (жауынгерлік самбо, +98 келі), Бақытжан Дүйсембеков (жауынгерлік самбо, 79 кг) және Серікбай Неғмет (спорттық самбо, 71 келі) күміс еншіледі. Ал Қымбат Ахмет (жауынгерлік самбо, 50 келі) пен Асқар Қайыровқа (зағиптар санаты, 98 келі) қола жүлде бұйырды.
Осылайша, Қазақстан ұлттық құрамасы жалпы есепте 2-орынға тұрақтады.