Қоғам

6 өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды – ҚазАвтоЖол

istockphoto.com

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» мекемесі хабарлады

«ҚазАвтоЖол» мекемесі 6 өңірдегі жолдарда ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелгендігін хабарлады.

Абай облысында сағат 19:30-да «Алматы-Өскемен» автожолының 615-967 шақырым аралығында (Жетісу облысының шекарасы - Қалбатау ауылы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Жетісу облысында 19:30-да «Алматы-Өскемен» автожолының 585-615 шақырым аралығында (Үшарал қаласы - Абай облысының шекарасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Жол 11 қараша күні сағат 06:00-де ашылуы тиіс.

Қарағанды облысында сағат 20:30-да «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1353-1426, 1426-1446 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлемақы алу пунктіне дейін, Теміртау төлемақы алу пунктінен Теміртау қаласына дейін) жүк және жолаушылар көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Ақмола облысында сағат 20:30-да «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1291-1353 шақырымы аралығында (Жібек Жолы төламқы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін) жүк және жолаушылар көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды. Жол 11 қараша сағат 08:00-де ашылады деп жоспарланған.

Шығыс Қазақстан облысында сағат 21:00-де «Өскемен-Семей» автожолының 10-103 шақырымы аралығында (Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейін) жүк және жолаушылар көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Абай облысында сағат 21:00-де ШҚО-да ауа райының бұзылуына байланысты Абай облысында «Өскемен-Семей» автожолының 103-198 шақырымы аралығында (ШҚО шекарасынан Семей қаласына дейін) жүк және жолаушылар көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды. Жолды 11 қараша кешкі сағат 08:00-де ашу жоспарланған.