Пара алып, алаяқтық жасаған полицей 3,5 жылға сотталды
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ
Ulysmedia.kz мәліметінше, үкім Ақмола облыстық сотында жарияланды. Анықталғандай, бұрынғы жоғары шенді полицей қылмыстық істі тоқтату үшін 2 миллион теңге пара алған. Артынша ол жәбірленушіден тағы бір миллион теңге талап етіп, бас тартсаң, қамауға аламыз деп қорқытқан.
Досжанов қызметтік бабын пайдаланып, алаяқтық жасау (ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 190-бабының 3-бөлігі, 2-тармағы) және лауазымды тұлғаға пара беруге итермелегені (28-баптың 4-бөлігі, 367-баптың 2-бөлігі) үшін кінәлі деп танылды.
«Соттың үкімімен Д. шенінен айрыла отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды және өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салынды. Сотталушыдан 2 500 000 теңге пара мемлекет пайдасына заңсыз иемденген мүлік ретінде өндірілді», – деп хабарланды облыстық сот баспасөз қызметінен.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.