Полиция 40 жолаушыны тасымалдаған автобустың мас жүргізушісін ұстады
Осы факті бойынша жүргізуші ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Тәртіп сақшылары Астана-Петропавл автожолының 232-шақырымында Түркістан облысының 50 жастағы тұрғыны басқарған Van Hool автобусын тоқтатты.
Polisia.kz мәліметінше, құжаттарды тексеру және әңгіме барысында жүргізушіден алкогольдің иісі шыққан. Оған Бурабай ауданының ауруханасына медициналық тексеруден өту ұсынылды, онда дәрігер жүргізушінің жеңіл дәрежелі алкогольдік мас күйде екенін растады.
"Жүргізуші 40 жолаушыны тасымалдаған. Осы факті бойынша жүргізуші ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жолаушылар сапарын басқа жүргізушімен жалғастырды", – делінген хабарламада.