ОҚО-да жыл соңына дейін 150 дәрінің бағасы көтерілмейді

ОҚО-да жыл соңына дейін 150 дәрінің бағасы көтерілмейді

ОҚО-да жыл соңына дейін 150 дәрінің бағасы көтерілмейді
ашық дереккөзі
ОҚО әкімдігі, Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің ОҚО облысы бойынша департаменті, «Даму» ОҚО фармацевтикалық және медициналық қызметкерлер қауымдастығы препараттардың бағасының өсуіне жол бермеуге бағытталған меморандумға қол қойды. Келісімге сәйкес облыста 150 препараттың құны жыл соңына дейін өзгермейтін болады.
Облыстық әкімдікте өткен меморандумға қол қою шарасына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен дәріхана ұйымдары тарапынан 40 фармацевтикалық ұйым басшылары қатысты. Енді отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіруші компаниялар мен шетелдік тауарлардың ресми дистрибьюторлары 150 дәрілік заттың бағасын жыл соңына дейін көтермейтін болады. «Меморандумға 150 түрлі дәрі-дәрмек енгізіліп отыр. Өйткені бұл дәрілердің әлеуметтік маңызы зор. Осылайша біз облыс тұрғындарының басым бөлігіне қолдау көрсетеміз. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау білдіріп, келісімге қол қойып отырған дәріхана басшыларына оңтүстік жұртының атынан ризашылығымды білдіремін»,- деді Жансейіт Қансейітұлы. Айта кетейік, бұл жолғы келісім облыстағы фармацевтік мекемелер мен дәріханаларда сатылатын дәрілік заттарды тұрақты бағада ұстауға, сонымен қатар бағаның негізсіз көтерілуінен тұтынушылар құқығын қорғау және әлеуметтік алаңдаушылықты болдырмауға арналды.