Жаңалықтар

Бұрқасын, көктайғақ, жел: Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

istockphoto.com

Ертең ауа райы қандай болады?

Қазгидромет синоптиктері 10 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ, жел соғады.

Талдықорған қаласында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Орал, Ақтау, Маңғыстау облыстарында тұман күтіледі.

Қарағандыда кей уақытта қалың қар, бұрқасын, көктайғақ, жел күтіледі.

Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Қостанай, Көкшетау, Ақтөбе, Петропавл, Ақтөбе облысында көктайғақ, қар жауып, жел күшейеді.