Павлодарда көлік пен «КамАЗ» соқтығысып, бір адам қаза болды

9 қараша, 2024 / Алуа Арман
istockphoto.com
Полиция қызметкерлері балаларды тасымалдау ережелерін қатаң сақтауды еске салады

Павлодар облысында жан түршігерлік жол апаты болды, деп хабарлады өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 8 қараша күні түнде Қызылорда – Павлодар тасжолында, Ақсу қаласына қарасты Қалқаман ауылының маңында болған.

«8 қарашада түнгі уақытта Nissan Qashqai көлігінің жүргізушісі Қызылорда – Павлодар тасжолында сағатына 160 км жылдамдықпен қозғалып, көмір тиелген тіркемесі бар «КамАЗ»-ға соғылды. Жол-көлік оқиғасынан Nissan көлігінің жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Жүргізуші мен олардың кәмелетке толмаған баласы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері балаларды тасымалдау ережелерін қатаң сақтауды еске салады.

Тэгтер:

Павлодар Жол апаты