Жаңалықтар

«100 млн теңге қарызға кіріп кеттім»: Танымал блогер басынан өткен қиындықтар туралы айтты

Видеодан алынған кадр

Бұл туралы блогер Мереке Қалбаева желідегі парақшасында жазды

Танымал блогер Мереке Қалбаева желіде 100 млн теңге қарызға кірген күндерін еске алып, оқырмандарына оқиға туралы айтып берді.

«Осы брендті шығарамын деп, 100 млн қарызға кіріп кеткенімді біреу білсе, біреу білмейді. Ол кезде 4 ай бойы тек минуста жүрдім, алдандым. Одан сайын минусқа кірдім. Ештеңеге қолым бармады. Өзімді ұмыттым. Отбасыға көңіл бөлмедім. Арсенді көп ренжіттім. Денсаулығыма қарамадым. 

Ойымның бәрі тек қарыз. Денсаулығымда неше түрлі проблема пайда болды.

Әйтеуір үйтіп-бүйтіп, мына «мал» болып жүрген состояниеден шығып жатырмын, достар! Енді 100 млн-нан тек 15 млн қалды. Бұйырса одан да қолымдағы қалған товарды өткізіп құтыламын. Құттықтаңдаршы, бұл үлкен жетістік мен үшін», – деп жазды ол.