Жаңалықтар

Алматыда екі полиция қызметкері ұсталды

istockphoto.com

Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматыда екі жедел уәкілдің (опер) ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Полиция департаменті екі қызметкерінің ұсталғанын растады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оларды Алматы Полиция департаменті мен ҰҚК департаменті ұстаған. Күдіктілерге пара алды деген айып тағылып отыр.

«Алматы Полиция департаменті өз қызметіндегі кез-келген сыбайлас жемқорлық фактілерін көтермейді. Сол себепті қолданыстағы заң аясында объективті, жан-жақты тергеу жүргізіледі», - деді ведомство.

Аталған іс бойынша жедел-тергеу шаралары жалғасуда.