Жаңалықтар

Таразда екі әйелді қатыгездікпен өлтіріп кеткен

istockphoto.com

Полиция қылмыстық іс қозғады.

Halyqstan telegram-каналының мәліметінше кеше кешкісін Тараз орталығындағы пәтерлердің бірінен екі әйелдің денесі табылған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайтыс болған әйелдер Алматы мен Тараз тұрғындары. Олардың денесінен зорлық-зомбылық іздері анықталған.

Жамбыл облысының Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Адам өлімі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен Жамбыл облысының Полиция департаментінің басшылығы барды. Оқиғаның мән-жайын анықтау және күдіктіні ұстау үшін барлық қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - деді полиция.