Жаңалықтар

Ақмола облысында жас жігітті пойыз қағып кетті

istockphoto.com

Қайғылы оқиға бүгін таңда болған.

Бұланды ауданының Макинск қаласында пойыз теміржолдан өтіп бара жатқан жас жігітті қағып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы оқиға бүгін таңғы 08:45-те болған. Марқұм өтуге болмайтын жерден өткен. Күн жарық болған.

Пойыз шұғыл түрде тежегішті іске қосқанымен, сигнал бергенімен еш нәтиже болмаған. Капишон киіп, құлаққап тағып алған жас жігіт оның бәрін естімеген.

32 жастағы ер-азамат Бұланды ауданының әкімдігінде маман болып жұмыс істеген. Туған күніне 20 күн ғана қалған.