ШҚО-да әскери қызметші қайтыс болды

8 қараша, 2024 / Інжу Әлихан
Алдын ала мәлімет бойынша өлім себебі — суицид

 Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі әскери қызметшінің қаза болғанын растады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

— Ағымдағы жылғы 7 қарашада Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша өлім себебі — суицид, — делінген хабарламада.

ҰҚК баспасөз қызметі мәлім еткендей, полиция органдары Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Тэгтер:

ШҚО суицид Әскери қызметші