Жаңалықтар

Ақмола облысында 15 тонна шөп жанып кетті

ТЖМ

Аршалы ауданының Красное озеро ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында жиналған шөп жанды.

Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрттің шаруашылық құрылыстарға таралуына жол берілмеді. Өрт толығымен сөндірілді.

ТЖМ шөпті тұрғын үйлерден, шаруашылық құрылыстар мен жолдардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажет екенін еске салады.