Жамбылда автокөлік тиелген көлік өртенді

8 қараша, 2024 / Нұрлан Әлинұр
фото: видеодан скриншот
Өрт сөндірілді

ТЖМ қызметкерлері өрттен 4 автокөлікті құтқарып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға Жуалы ауданында "Алматы-Ташкент" республикалық маңызы бар күре жолда орын алған. 8 жеңіл автокөлік тиелген автотасығыш өртеніп, құтқарушылар тек 4 көлікті сақтап қалды.

«Өрт сөндірілді. Қайтыс болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталуда», - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Тэгтер:

өрт Жамбыл облысы