Қоғам

«Талай қиын кезең өтті»: Ерке Есмахан психологтан кеңес алғанын айтты

сурет ашық дереккөзден алынды

Ерке Есмахан дұрыс психолог таңдау маңызды екенін жеткізді.

Танымал әнші Ерке Есмахан желі қолданушыларына кеңесін берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Әнші осыдан бірер жыл бұрын өзі де психологтан кеңес алып, өмірін жақсы жаққа өзгерткенін жеткізді. Ерке Есмахан көп психологтардың ішінен Айнұр Тұрсынбаеваны таңдайтынын жасырмады.

«Қазіргі заманда барлығы адамның өз қолында, миында, білімінде дегенге көз жеткізіп жүрміз. Қарап тұрсақ, кеше ғана не істерін білмей жүрген кей адамдар дұрыс психолог маманның қолына түсіп, сабағын оқып, дамып, миллионер боп кетіп жатыр. Бұл жерде басты сөз – «дұрыс психолог». Менің де басымнан сіздер білетіні бар, білмейтіні бар, талай қиын кезең өтті. Сол кезде бірінші боп кеңес сұрап хабарласатын адамым – Айнұр. Миымды бірден орнына қойып, жол сілтейді», – деді Ерке Есмахан Instagram желісіндегі сторисінде.