Алматының апорты жойылып кетудің алдында тұр
Италия, Сербия және Польшадан жетізілген алма ағаштарының көшеттері зиянын тигізіп жатыр.
Мегаполис аумағындағы алма бақтары біртіндеп оталып жатқаны туралы айтып, шаруалар қынжылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Алматының іргесіндегі ең ірі апорт бағында жыл сайын 100 тоннаға жуық өнім жиналады. Ерменсай шағын ауданы кеңейіп, осы баққа ірі құрылыс жақындап қалған. Шаруалар бақ аумағы мемлекет меншігіне қайтарыла ма деп алаңдайды. Апорт негізінен теңіз деңгейінен 950-1250 метр аралықта жақсы өседі және өнім береді. Иісі де, дәмі де ерекше болады. Өкінішке орай, Алматының осы аумағында соңғы 15-20 жылда апорт ағашы жаппай оталып, орнына үйлер салынып кетті. Оған қоса Италия, Сербия және Польшадан жетізілген алма ағаштарының көшеттері де зиянын тигізді.
«Біздің маңайымыздың бәріне үй салынып, құрылыс жүріп жатыр. Мыңдаған гектар алма ағашы оталып бітті. Біз тұрған жерде ғана мақтанышпен айтатын «апорт» өседі. Ертең мемлекет меншігіне қайтарылса, бақтың болашағы не болмақ», – шаруа қожалығының басшысы Иван Сергеевич.
Посмотреть эту публикацию в Instagram