Жаңалықтар

Танымал режиссер мен актриса ата-ана атанды

instagram/ulbossyn.shalkarova

Бұл қуанышты жаңалықты танымал әзілкеш әрі жүргізуші Марат Оралғазин жария етті.

Кино саласындағы жұлдызды жұптардың бірі Олжас Нұрбай мен Ұлболсын Шалқарованың тұңғыш сәбиі дүниеге келіп, ата-ана атанды.

 Бұл қуанышты жаңалықты танымал әзілкеш әрі жүргізуші Марат Оралғазин жария етті. Ол Instagram-дағы парақшасында ерлі-зайыптының суретін жариялап, «Бауы берік болсын» деген жазба қалдырды.

Сондай-ақ актриса Жазира Еркін құрбысы Ұлболсын Шалқарованың ұл баланы дүниеге әкелгенін мәлім етті. Өнер иесі түсірілім алаңында бірқатар адамның Олжас Нұрбайды құттықтап жатқан видеосын жариялаған.